419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Барселонадағы «Камп Ноу» стадионына Мессидің есімі берілуі мүмкін

  • 94
  • UPD: 12:32, 27.11.2020
Барселонадағы «Камп Ноу» стадионына Мессидің есімі берілуі мүмкін UA-Football

«Барселона» футбол клубының президенттігіне үміткер Эмили Руссо «Камп Ноу» стадионының атауын өзгертетінін мәлімдеді, деп хабарлайды vesti.kz.

Оның ойынша, аренаға аргентиналық футболшы Лионель Мессидің есімі берілуі керек.

Руссо каталондық клуб басшысы болған жағдайда референдум жинап, стадион атын «Камп Ноу Лео Месси» деп өзгертетінін атап өтті.

Аргентиналық футболшы 2000 жылдан бері «Барселона» жүйесінде. Каталониялықтармен бірге ол он рет Испания чемпионы атанып, төрт рет Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен.

Хабар 24 телеарнасы