420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елеусінов – Индонго жекпе-жегі «Хабар» арнасының тікелей эфирінен көрсетіледі

  • 97
  • UPD: 23:27, 27.11.2020
Елеусінов – Индонго жекпе-жегі «Хабар» арнасының тікелей эфирінен көрсетіледі

Бүгін түнде жерлесіміз Данияр Елеусінов АҚШ-та намибиялық Джулиус Индонгомен жұдырықтасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы IBF Inter-Continental белбеуі сарапқа салынады. Данияр үшін бұл кәсіби мансаптағы алғашқы титулды кездесуі. Боксшылар сәуірде сынға түсуі тиіс еді. Алайда коронавирустың кесірінен жоспар өзгерді. Елеусіновтің сайысын жанкүйерлер «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көре алады. Бокс бәсекесі елорда уақытымен таңғы сағат 06:00-де басталады.

Данияр Елеусінов, кәсіпқой боксшы:

- Индонгоға қарағанда менің техникалық дайындығым мықты деуге болады. Яғни, ширақ, шапшаң қозғаламын. Десе де, Индонгоны осал қарсылас деп айта алмаймын. Ол алыстан жақсы жұмыс істейді. Мен үшін бұл жекпе-жекте жеңу өте маңызды. Сондықтан бар қарым-қабілетімді көрсетуге тырысамын.

Хабар 24 телеарнасы