420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды

  • 565
  • UPD: 12:06, 29.11.2020
Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды фото:sport-express.ru

Лос-Анджелестегі (АҚШ) Staples Center аренасында аты аңызға айналған екі америкалық боксшылар Майк Тайсон (50-6, 44 KO) мен кіші Рой Джонс (66-9, 47 KO) арасындағы жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек әрқайсысы екі минутқа созылған сегіз раундқа есептелген еді. Екі боксшы да аяғына дейін жұдырықтасты. Тайсон барлық раундта да басым болғанымен, төрешілер тең нәтиже тіркеді.

Жекпе-жекке дейін Тайсон мен Джонс VADA-дан «Таза бокс» бағдарламасы аясында допинг-тестілеуден өтті.

Майк Тайсон рингке соңғы рет 2005 жылы шығып, Кевин Макбрайдтан ұтылған еді. Рой Джонс соңғы рет кәсіпқой боксқа 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

Хабар 24 телеарнасы