419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тайсон мен Джонс жекпе-жегі тең аяқталды

  • 133
Тайсон мен Джонс жекпе-жегі тең аяқталды

Әлемге әйгілі Майк Тайсон мен Рой Джонстың жекпе-жегі тең аяқталды.

Ардагер боксшылар әлі де бір айтары бар екенін паш етіп, керемет шеберліктерін көрсетті. Экс-чемпиондардың жақын қашықтықтағы соққылары мен қорғаныстары жұртшылықты сүйсіндірді. Кездесу 8 раунд бойы өтіп, 16 минутқа созылды. Бірақ шоу-сайыстан кейін Тайсон әзіл-шыны аралас қарсыласынан басым түскенін айтып: «Мен жеңдім», – деді. Джонс та жеңіске жеткенін айтты. Қос боксшы қарымта жекпе-жек өткізуге қарсы емес. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Тайсон бұл бәсекеде 10 млн табыс тапса, Джонс 3 млн алады.

Хабар 24 телеарнасы