420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада бокс кеші өтеді: кімдер жұдырықтасады

  • 134
  • UPD: 17:04, 30.11.2020
Елордада бокс кеші өтеді: кімдер жұдырықтасады

16 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп жазды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты Boxrec.com сайты ресми хабарлады.

Кештің басты жекпе-жегінде супер орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (14-0, 9КО) ганалық боксшысы Исса Самирмен (19-0, 16 КО) кездеседі. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшыға тиесілі WBC Asian, WBA International және WBO Global титулдары сарапқа салынады. 

Аталған кеште Бек Нұрмағанбет (2-0, 2КО) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы тағы бір ганалық боксшы Эммануэль Дансо (32-5, 26КО) болып бекітілді.

Әуесқой бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (1-0, 1КО) кәсіпқой ретіндегі екінші жекпе-жегін өткізеді. Ол нигериялық Кабиру Товолавимен (13-2, 10КО) жұдырықтасады.

Сондай-ақ Евгений Павлов (2-0, 2KO) пен Данила Семенов (1-0, 1КО) та осы кеште шаршы алаңға шығады. Алдыңғысы филиппиндік Али Лаурелмен (18-4-1, 11KO), ал соңғысы ганалық Абрахам Табулмен (17-4-1, 14КО) жұдырықтасады.

Хабар 24 телеарнасы