420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Astana Women's Team» велокомандасының атауы өзгереді

  • 141
  • UPD: 11:06, 01.12.2020
«Astana Women's Team» велокомандасының атауы өзгереді

«Астана» велокомандасының атауы өзгереді. Әйелдер арасындағы сындарда өнер көрсететін клубты 1 қаңтардан бастап біраз жаңашылдық күтіп тұр. Ең алдымен тіркеліп тұрған елін ауыстырады. Кейбір ақпарат құралдары бұл Италия болуы мүмкін дейді. Кейін соған сәйкес жаңа атау алмақ. Бұл жөнінде велоклубтың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Бұған дейін «Астана» қазақстандық тараппен 6 жыл әріптестік орнатты. Осы аралықта халықаралық велосипедшілер одағының жарыстарына қатысып, 48 мәрте жеңіске жеткен. Айта кетейік, ел президенті соңғы Жолдауында мемлекет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын толықтай қамтамасыз етудің қажеті жоқ деген еді. 

Данияр Елеусінов қазір әлемнің үздік 30 боксшысы қатарына қосылды. Титулды жеке-жектен кейін жерлесіміздің рейтингі жақсарды. Бұл ақпаратты Boxrec.com порталы жариялады. Бұған дейін қазақстандық былғары қолғап шебері 40-сатыда тұрған. Соңғы кездесудің қорытындысы бойынша 27-орынға көтіріліп отыр. Ал нокаутқа түсіп, белдікке қол жеткізе алмаған қарсыласы Джулиус Индонго, керісінше 32-орыннан 60-орынға сырғыды. Ал Тhesportsdaily.com басылымы Данияр аптаның үздік 5 боксшысы қатарына қосқан.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой рингте 10 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті. Тіпті алтауын уақытынан бұрын аяқтады. Соңғы жекпе-жекте намибиялық боксшыны ұтып, орта салмақтағы IBF Inter-Continental чемпиондық белдігін иемденді.

Хабар 24 телеарнасы