430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шахматтан және дойбыдан Президент күніне арналған турнир өтті

  • 262
  • UPD: 13:53, 02.12.2020

Қалыптасқан жағдайға байланысты биылғы жарыс онлайн форматта болды және оған 150-ден аса адам қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы ұйымдастырған дода арнайы платформаларда жүзеге асты. «Ол жерде ойынның ашықтығына және әділдігіне кепілдік бар», - дейді мамандар. Дойбы жарысыда 4, ал шахматта 7 жас деңгейі бойынша жеңімпаздар анықталды. Яғни, 10 жасқа дейінгі балалардан бастап ерекстерге дейін сынға түсті. Үздік атанғандарды елорда төрінде салтанатты түрде марапаттады. Айта кетейік, осыған дейін тоғызқұмалақтан да Президент күніне арналған республикалық турнир өткен еді.

Хабар 24 телеарнасы