419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХЛ: «Барыс» өз алаңында «Сочиді» жеңді

  • 92
  • UPD: 11:07, 02.12.2020
ҚХЛ: «Барыс» өз алаңында «Сочиді» жеңді

«Барыс» жеңіс жолын жалғастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордалық клуб бұл жолы «Сочи» хоккей клубымен кездескен. Құрлықтық лига аясындағы матч Нұр-Сұлтан қаласында өтті және 2:0 есебімен аяқталды. Қазақстандық клуб мүшелері қос шайбаны да сан басымдығында соқты. Ең алдымен Роман Старченко командаластарының пасын ұтымды пайдаланып, 12-минутта есеп ашты. Артынша Якоб Лилья таблодағы нәтижені еселеді. Осылайша, «Барыс» 28 ойыннан кейін 26 ұпай жинап, Шығыс Конфеденциясының 9-сатысына орналасты және өзінен жоғары тұрған «Сібір» хоккей клубын қуып жетуге мүмкіндігін арттырды. Юрий Михайлис баптайтын жігіттер енді өз алаңында Ярославль қаласының «Локомотив» хоккей клубын қабылдайды. Матч 4 желтоқсанда өтеді.

***

Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионаты жолындағы жарысты аяқтады. Іріктеу кезеңі аясында жерлестеріміз Франция командасымен кездескен. Матчта 12:0 есебі тіркелді. Иван Азовский баптайтын қыздар алғашқы таймда 7 гол жіберіп алды. Одан кейін есеп айырмасын қысқартудың мүмкіндігі болмады. Осылайша, Қазақстан құрамасы 0 ұпаймен турнир тізімінің соңғы сатысына орналасты және 2021 жылы Кәрі құрлықта өтетін аладоп аламаны жолдамасынан қағылды. Ал, Франция құрамасы, керісінше, 22 ұпаймен топ басына жайғасты. Айта кетейік, қазақстандық қыздар іріктеу кезеңі аясындағы матчтарда 2 гол ғана соқты.

Хабар 24 телеарнасы