420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

418,5 миллион теңге. «Барыс» капитаны жалақысы ең жоғары ойыншылардың қатарында

  • 123
  • UPD: 15:02, 02.12.2020
418,5 миллион теңге. «Барыс» капитаны жалақысы ең жоғары ойыншылардың қатарында

Ресейлік «Спорт-экспресс» басылымы ең көп жалақы алатын ҚХЛ ойыншыларының жаңартылған тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Негізгі жалақысы (бонустарды қоспағанда) 45 миллион рубльден асатын хоккейшілер тізімінде елорданың «Барыс» хоккей клубынан бір ойыншы бар. Ол – қорғаушы Даррен Диц.

СЭ мәліметінше, «Барыс» капитаны жылына 75 миллион Ресей рублін алады (Қазақстан Ұлттық банкінің 2 желтоқсандағы бағамы бойынша 418,5 миллион теңге).

Айта кетейік, ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын ойыншы – мәскеулік «Динамоның» шабуылшысы Вадим Шипачев. Ол жылына 120 миллион рубль көлемінде жалақы алады.

Хабар 24 телеарнасы