420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Олимпиадалық спорт түрлері бір дирекцияға бірікті

  • 125
  • UPD: 10:34, 03.12.2020
Олимпиадалық спорт түрлері бір дирекцияға бірікті

Олимпиадалық спорт түрлері бір дирекцияға бірікті.

Елордадағы спортқа жауапты басқарма ең алғаш болып осындай бастаманы қолға алды. Мамандар пікірінше, мұндағы мақсат – спортшылар мен бапкерлерге қолайлы жағдай жасап, спорттық жетістіктерді жақсарту. Яғни бұрын спорт мектебі ретінде қызмет етіп келген қос мекеме олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту дирекциясы болып өзгертілді. Соған сәйкес жұмыс ауқымы мен мүмкіндіктері кеңейтілді. Мәселен, олимпиадалық спортқа жауапты мекемеге 60-қа жуық спорт түрі мен 2 мыңға жуық спортшы берілді. Жалақы алатын спортшылар саны да еселеп артты.

Самат Ерғалиев, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а.:

– Мақсатымыз – жаттықтырушыларға және спортшыларға барынша қолдау жасау. Солардың жағдайын жасауымыз керек. Содан кейін жетістіктерді сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы