Орта салмақта BF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және міндетті қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0,5 КО) жекпе-жек алдында допингке тест тапсырады, деп хабарлады vesti.kz.
Сынаманы бокс федерацияларымен ықпалдастықтағы VADA алады. Бұл бағдарламаға қосылған спортшылар аяқ-асты тексеріске келісім береді.
Головкин – Шеремета жекпе-жегі 18 желтоқсанда Голливудтағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында өтеді және DAZN платформасында трансляцияланады. Бұл кездесуде қазақстандыққа тиесілі екі белбеу сарапқа салынады.
GGG әлем чемпионы титулын 21-ші рет қорғайды.