419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Australian Open-2021 турнирі үш аптаға шегерілді

  • 123
  • UPD: 16:16, 03.12.2020
Australian Open-2021 турнирі үш аптаға шегерілді

Теннистен «Үлкен Дулыға» санатына енетін «Australian Open 2021» турнирі үш аптаға шегеріліп, 8 ақпанда басталатын болды, деп жазды olympic.kz.

Бұл туралы турнир директоры Крэйг Тили хабарлады. Аталған турнир 18-31 қаңтар аралығында өтеді деп жоспарланған болатын. 

«Ойыншылар 15 қаңтардан бастап екі апталық карантиннен өтуі тиіс. Виктория штатының басшылығы біраз жеңілдік жасап, карантин біткен соң қандай да бір қатал шектеу қоймайтынын мәлімдеді. Олар өздері тұратын орынды таңдап, жаттығу жасап, көрермендер алдына шыға алады», - делінген ұйымдастырушылар мәлімдемесінде. 

Australian Open дәстүр бойынша маусымашар турнир саналады. Былтыр ерлер арасындағы бәсекеде сербиялық Новак Джокович, әйелдер арасында америкалық София Кенин жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы