426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккейден ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр

  • 237
  • UPD: 10:22, 04.12.2020
Хоккейден ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр

Бүгінге дейін 20 тур ойыны өтті және нәтижесінде «Торпедо» турнир тізімінің басындағы орнын сақтап қалды. Өскемендік клуб еншісінде 46 ұпай бар. Ал 3 ұпай аз жинаған «Номад» екінші сатыда.

«Сарыарқа» болса, керісінше жағдайын нашарлатып алды. Қазір 30 ұпаймен 5-сатыға жайғасты. Қарағандылық клуб ең соңғы рет «Теміртау» клубымен жолыққан еді. Матч 3:4 есебімен аяқтады. Жеңіске жеткен «Теміртау» турнир тізімінде үздік үштікті түйіндеп тұр.

Айта кетейік, қалыптасқан жағдайға байланысты биылғы чемпионат бір кезеңнен ғана тұрады. Яғни жарысқа қатысып жатқан 13 команда осы аралықта 52 матчтан өткізіп үлгіруі керек.

Дмитрий Попко халықаралық теннис турнирінің ширек финалына шықты. Дәл қазір Бразилияның Кампинас қаласында «Челленджер» сериясындағы жарыс өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші кезекті кезеңде жергілікті Жоао Менезешпен жолығып, ширек финал жолдамасын сарапқа салған. Кездесу жерлесіміздің айқын басымдығымен аяқталды. Қорытынды есеп: 6:2, 7:5. Параллель ойында колумбиялық және аргентиналық теннисшілер өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаз атанғаны ширек финалда Дмитрий Попкомен жолығады.

Хабар 24 телеарнасы