429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

  • 239
  • UPD: 11:39, 04.12.2020
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

14-19 желтоқсан аралығында Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлады Olympic.kz. 

Турнирде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толық сақталады. Атап айтар болсақ, жарысқа жүз адамнан артық қатыстырылмайды. Сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында залға көрермендер жіберілмейді. Әрбір командада 12 спортшы, 4 бапкер және 1 төреші болуы міндетті. Тек қана Алматы мен Нұр-Сұлтан командаларының құрамы 16 адамға дейін кеңейтілген. 

Айта кетелік, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальмен және арнайы сыйлықтармен марапатталады. 

Хабар 24 телеарнасы