419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин мен Шеремета кездесуі өтпеуі мүмкін: бапкер коронавирус жұқтырды

  • 194
  • UPD: 14:51, 04.12.2020
Головкин мен Шеремета кездесуі өтпеуі мүмкін: бапкер коронавирус жұқтырды

Орта салмақта өнер көрсететін Камиль Шереметаның ресейлік бапкері Федор Лапин коронавирус жұқтырды.

Бұл туралы vesti.kz Fightnews.com порталына сілтеме жасап хабарлады. 

Лапин Шереметадан бөлек тағы бір польшалық боксшы Кшиштоф Гловацкиді де жаттықтырады. Ол да коронавирус жұқтырған. Енді оның 12 желтоқсан күні Лондонда WBO белбеуі үшін британдық Лоуренс Околиге қарсы жекпе-жегі де өтпей қалуы мүмкін. Бұл айқас Джошуа мен Пулев арасындағы айқастың андеркартында болуы керек еді. 

Айта кетейік, 18 желтоқсан күні Флорида штатында Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуі керек. Бұл кештің басты жекпе-жегі болып, 12 раундқа жоспарланған. 

Хабар 24 телеарнасы