420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футзал: «Қайрат» пен «Ақтөбе» өз алаңдарында матч өткізуден бас тартты

  • 111
  • UPD: 17:56, 05.12.2020
Футзал: «Қайрат» пен «Ақтөбе» өз алаңдарында матч өткізуден бас тартты

Футзалдан Чемпиондар лигасының 1/16 финалына қатысатын қазақстандық клубтар ойындарын сырт алаңда өткізетін болды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Чемпиондар лигасының 1/16 финалының қатысушыларына матчты өз алаңында қабылдағысы келмейтіні немесе ондай мүмкіндіктің жоқтығы туралы УЕФА-ға хабарлау ұсынылған.

Нәтижесінде 32 қатысушының бесеуі – «Қайрат», «Ақтөбе» (екеуі де Қазақстан), «Добовец» (Словения), «Приштина» (Косово) және «Ховокубо» (Нидерланд) командалары ойындарын сырт алаңда өткізетін болды. Кездесулер көрерменсіз өтеді.

Еске сала кетсек, «Қайрат» пен «Ақтөбе» жеребе тастау кезінде 3-топтағы іріктеуден өткізілген командалардың қатарына жатқызылды. Қазақстандықтардың негізгі қарсыластары «ВитЭн» (Беларусь), «Хоэнштайн-Эрнстталь» (Германия), «Шкупи» (Македония) және АЕК (Греция).

Чемпиондар лигасы 1/16 финалының ойындары 2021 жылдың 12-17 қаңтары аралығында өтеді және бір ғана ойыннан тұрады.

Хабар 24 телеарнасы