Қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов Ресейде өткізген жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
RCC Boxing промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өткен кеште Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) жергілікті боксшы Илья Баландинмен (4-3-1, 2 КО) кездесті. 8 раундқа созылған жекпе-жегінде қазақстандық боксшы төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.
Осылайша Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой боксшы мансабындағы 14-жеңісіне қол жеткізді. Соңғы кездесуін өткен жылы АҚШ-та өткізіп, WBC (USNBC) тұжырымы бойынша Америка чемпионы атанды.