loader


Александр Винокуров туған жері СҚО-ға келді

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров туған жері Солтүстік Қазақстан облысына келді.

Атақты велошабандоз ең алдымен Петропавлда ізбасарларымен кездесіп, жаттығуларына қатысты. Қазіргі таңда қалада спорттың бұл түрімен 260 бала шұғылданады. Жергілікті веломектептен талай додаларды топ жарған чемпиондар шыққан. Қазірдің өзінде «Astana Motors» командасында 11 солтүстікқазақстандық өнер көрсетеді. Лондон Олимпиадасының жеңімпазы жас спортшыларға өзінің жүріп өткен жолын айтып, жарқын жеңістер тіледі.

Александр Винокуров, олимпиада чемпионы:

– Мектеп жанынан ашылған осындай шағын велобазалар өте ыңғайлы. Балалар алысқа барып, әуре болмайды. Ата-аналары да уайымдамайды. Бәрі бір жерде. Біз де осындай жерден шықтық. Бұл – мықты мектеп.

Сондай-ақ...