419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцария астанасында 2022 жылға ала доп аламанының жеребе тарту рәсімі өтті

  • 137
  • UPD: 09:57, 08.12.2020
Швейцария астанасында 2022 жылға ала доп аламанының жеребе тарту рәсімі өтті

Қазақстан футболшылары Франция және Украина құрамаларымен әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Швейцария астанасында 2022 жылға ала доп аламанының жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде іріктеу кезеңіне қатысатын командалар 10 топқа бөлінді. Қазақстан құрамасы «Д» тобына түсті. Бұл топта Ресейде өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен Франция, сондай ақ Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамалары бар. Алғашқы матчтар алдағы наурыз айында өтеді және әр топтан бірінші орын алған команда мундиалға тіке жолдама алады. Тағы 3 жолдама үшін топтық кезеңде екінші орын алған 10 команда мен ұлттар лигасында үздік атанған 2 команда таласады.

Айта кетейік, 2022 жылға әлем чемпионаты Катарда өтеді. Байрақты бәсеке 21 қараша мен 18 желтоқсан аралылығында болады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы