414,36 504.70 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2024 жылғы Олимпиада бағдарламасына брейк-данс енгізілді

  • 131
  • UPD: 20:36, 08.12.2020

2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына брейк-данс, серфинг, скейтбординг және спорттық құзға шығу кіретін болды.

Ұйымдастырушылардың түсіндіруінше, олар заман талабына сай болып, жас аудиторияны тартуға ниетті.

Айта кеткен жөн, жаңа ережелерге сәйкес, егер Олимпиада ойындары өтетін елде белгілі бір спорт түрі танымал болса, спорттық шараны қабылдайтын қала өкілдері оны бағдарламаға қосу жөнінде ұсыныс жасай алады. Сондай-ақ жаңа талаптар бойынша дүбірлі дода қатысушыларының саны 10 мың 500 адамға дейін шектелді. Квоталар әсіресе ауыр атлетика мен бокста қысқарған. Халыаралық Олимпиада комитеті гендерлік теңдік мәселесіне де көп көңіл бөліп отырғандарын айтады.

Томас Бах, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті:

- Енді Олимпиада ойындарына қатысатын ерлер мен әйелдердің саны тең болады. Токиода өтетін додада нәзік жандылардың үлесі 49 процент шамасында. Париждегі іс-шарада гендерлік теңдікке қол жеткіземіз. Сөйтіп, тарихта алғаш рет спортшылардың тең жарымы әйелдер, 50 проценті ер адамдар болады.

Хабар 24 телеарнасы