430,57 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Динара Сәдуақасова бір мезетте жиырма қарсыласпен шахмат ойнады

  • 290
  • UPD: 23:14, 08.12.2020

Шахматтан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасова Қарағандыда шахмат ойнау сеансын өткізді.

Гроссмейстер бір мезетте 20 қарсыласымен ойын өткізді. Бәсекелестер де осал емес. Бірі университет профессоры болса, енді бірі ең көне ойын бойынша спорт шеберлігіне үміткер. Ал бес жасында шахмат тақтасымен танысқан Динара қазір Қазақстанның ғана емес, әлемнің даңқты спортшылары қатарына енген. Жерлесіміз әр ойынға тыңғылықты дайындықпен келетінін айтады.

Динара Сәдуақасова, шахматтан әлем чемпионы:

- Бір мезетте шахмат ойнайтын адамдар санына келсем, мен бұдан да көп, бір мезетте 60-70 адаммен ойнаған кездерім болды. Ең бастысы, осындағы профессорлық құрамға да, студенттерге де қызықты әрі пайдалы кездесу боларына сенемін. Қарағандыға келген басты мақсатым да осы. Бұл жолдастық кездесу, сондықтан ойын барынша тартысты болайын деп тұр.

Хабар 24 телеарнасы