426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чемпиондар лигасы: нәсілшілдікке жол берілген матч тоқтатылды

  • 316
  • UPD: 10:35, 10.12.2020
Чемпиондар лигасы: нәсілшілдікке жол берілген матч тоқтатылды

Оқиға бірінші таймда болды. Ойын барысында алаң иелері ереже бұзған.

Мұны байқаған түрік командасындағы бас жаттықтырушының көмекшісі камерундық Пьер Вебо өз наразылығын білдіреді. Алайда төреші маманның нәсіліне тиісіп, оны алаңнан қуған. Бұл Пьер Вебоның ғана емес, оның әріптестерінің де ашуын туғызды. Соның салдарынан ойын тоқтады. Түркиялық аяқдопшылар қазылар алқасын ауыстыруды талап етіп отыр.

Қос команда бүгін жасыл алаңда қайта кездеседі. Бұл жағдай қатысты Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған пікір білдірді. Ол нәсіліне қарап адамды алалауға жол берілмейтінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы