Халықаралық конькимен жүгіру одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан биылғы Гран-при турнирінің финалдық кезеңі өтпейтінін мәлімдеді, деп жазады Olympic.kz.
Алғашында Гран-при бәсекесінің финалы 2020 жылдың 10-13 желтоқсаны аралығында Қытайда өтеді деп жоспарланған. Алайда коронавирус індетіне байланысты Қытай тарапының қорытынды жарысты қабылдай алмайтыны белгілі болды.
Айта кетелік, биылғы маусымда Гран-при турнирі ғаламдық пандемияға байланысты ұлттық чемпионаттар сипатында ұйымдастырылды. Гран-при кезеңдері Мәскеуде (Ресей), Лас-Вегаста (АҚШ), Чунцинде (Қытай) және Осакада (Жапония) өтті.
COVID-19 салдарынан Франция мен Канададағы кезеңдер өткізілген жоқ.
2021 жылдың 22-28 наурызына жоспарланған Стокгольмдегі әлем чемпионатына қатысты әзірге нақты ақпар жоқ.