419,78 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚХЛ: «Барыс» плей-офф кезеңіне шықты

  • 141
  • UPD: 10:54, 14.12.2020
ҚХЛ: «Барыс» плей-офф кезеңіне шықты

Әйелдер арасында Еуропалық хоккей лигасында алматылық «Айсұлу» үздік үштіктің қатарына енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық команда  Польшаның «Силезиан Метрополис» командасымен өткен екі ойында да жеңіске жетті. Қазір қазақстандық клуб 21 ұпай жинап, турнир кестесінде «Братиславамен» теңесті. Жарыс көшбасшысы Венгрияның «КМХ Будапештінен» 6 ұпайға қалып келеді.

Елордалық «Барыс» Челябинскінің «Тракторын» жеңіп, плей-офф кезеңіне шықты. Челябинск қаласында өткен матч 4:2 есебімен аяқталды. «Барыс» сапынан алдымен Роман Старченко мергендік танытты. Ойынның 30-минутында Никита Михайлис есепті еселеді. Кейін Мэтт Фрэттин көзге түсті. Ал 47-минутта Линус Виделль соққан гол командаға маңызды жеңіс сыйлады.  Осылайша, Юрий Михайлестің шәкірттері 35 ұпаймен турнир кестесінде 8-орынға  көтерілді. Енді қазақстандық хоккейшілер 19 желтоқсанда сырт айдында Қытайдың «Куньлунынмен» кездеседі.

***

Аралас жекпе-жек: Е.Егембердиев жеңіске жетті

Жартылай ауыр салмақтағы ММА шебері Евгений Егембердиев октагандағы 12-жеңісіне қол жеткізді. Мәскеуде өткен АСА 115 турнирінде ол британдық Люк Барнаттаны есеңгіретіп тастады.

Бастапқыда 3 раундқа есептелген айқас осылайша, бірінші айналымда-ақ аяқталды. Айта кетейік, қазақстандық файтердің қоржынында қазір 12 жеңіс, 3 жеңіліс бар. Ал ағылшын спортшысы осымен тоғызыншы рет ұтылды. Мәскеу төріндегі аралас жекпе-жек кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсеткен болатын. Жартылай жеңіл салмақтағы  Нұрсұлтан Қасымханов ресейлік Алихан Сүлейменовпен кездесті. Екінші раундта қарсыласы қылғындыру әдісін ұтымды қолданып, Нұрсұлтан есе жіберді.

***

ЦСКА сапында доп теуіп жүрген Бактиер Зайнутдинов көзге түсті

ЦСКА сапында доп теуіп жүрген Бактиер Зайнутдинов «Урал» командасына қарсы ойында нәтижелі пас беріп, көзге түсті. Қазақстандық жартылай қорғаушы бұл жолы шабуыл шебінде көбірек көрінді.

13-минутта Бактиер «армияшылардың» алғашқы гол соғуына елеулі үлес қосты. Әріптесі Илья Шкуринге әуелетіп пас берді. Жалпы ойынға келсек, қонақтар да барынша сауатты ойнады. Игорь Акинфеев қақпасына екі гол соғып, ұпай ұстанды. Қазір ЦСКА қалт-құлт етіп тұр. Бас бапкер Виктор Гончаренконың тағдыры қыл үстінде. Бірер күнде командадан кетуі де мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы