Футзалдан Қазақстан чемпионатының үшінші айналымы басталды.
Турнир Алматыда өтіп жатыр.
Ойынның алғашқы күні Ақтаудың «Каспийі», Рудныйдың «Аятынан» ойсырай ұтылды. Есеп: 2-7.
Талдықорғанның «Жетісуы» ақтөбеліктерге есе жіберді. Есеп: 2-6.
Ал елордалық «Нұр-Сұлтан» командасы атыраулықтарды 4-2 есебімен жеңді. Алматының «Қайраты» Көкшетаудың «Оқжетпесінен» айласын асырды. Есеп: 10-4. Ұпай саны бойынша жарыс кестесінде әзірге алматылықтар көш бастап тұр.