421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2021 жылы Қазақстанда биатлоннан ашық Азия чемпионаты өтеді

  • 172
  • UPD: 11:40, 15.12.2020
2021 жылы Қазақстанда биатлоннан ашық Азия чемпионаты өтеді

2021 жылы Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы ашық Азия чемпионаты өтеді.

Бұл туралы Қазақстан биатлон федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Olympic.kz хабарлады. 

«Балалар мен жасөспірімер спортын қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында Қазақстанда алғаш рет биатлоннан Жасөспірімдер арасындағы ашық Азия біріншілігі ұйымдастырылады. Тығыз әріптестік нәтижесінде Халықаралық биатлоншылар одағынан (IBU) ресми түрде келісім алынды. Халықаралық жарысты Щучинсктегі шаңғы-биатлон кешені қабылдауға дайын. Аталған кешен халықаралық стандарттарға толығымен сай келеді», - делінген хабарламада. 

Хабар 24 телеарнасы