425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Головкин мен Роналдудың бірге жаттығу үстіндегі видеосы шықты

  • 485
  • UPD: 23:00, 17.12.2020

Олар жаңа DAZN жобасының кейіпкерлеріне айналды.

Интернетте DAZN стримингтік қызметінің «Параллельдік әлемдер» деп аталатын деректі фильмінің трейлері жарық көрді. Фильмнің басты кейіпкерлері: бокстан орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин және «Ювентустың» және Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду.

DAZN жобасы әлемдік әртүрлі спорт саласындағы тұлғалардың арасында қандай ортақтастық бар екенін анықтау үшін біріктіреді.

Бірінші эпизодтың қатысушылары ретінде бір-бірінің жаттығу әдістерін зерттеп жүрген Головкин мен Роналду шақырылған.

Трейлерге спортшылардың бірге жаттығудағы үзінділері мен олардың достық әңгімелері, сонымен бірге қалыптасу кезеңдері де енген.

«Қалай ойлайсың, сен боксшы бола алар едің бе?», – деп сұрады Головкин.

«Олай ойламаймын», деп жауап берді Роналду.

«Сенің даму жолыңдағы жағдайлар сенің мінезіңнен, тұлғаңнан табылады. Біз дәулетті емес, қарапайым жан болып тудық. Сондықтан өз өміріміз үшін күресуге тура келеді», дейді футболшы.

Өз кезегінде GGG Роналдуға бокстың кейбір қыр-сырын үйретті. «Сен өз балансыңды, тайминг мен арақашықтықты сезінуің керек», –  деп кеңес берді.

Одан бөлек спортшылар адамгершілік қасиеттер туралы да сөз қозғады:

«Меніңше, эмоцияға бейім адам болу өте жақсы. Еркектер жыламайды деп кім айтты? Мен үшін жақсы адам болу маңыздырақ», – дейді футболшы.

«Егер сен өмірде керемет адам болып қалсаң, бұл – ең кереметі», – деп қостады GGG.

DAZN ұсынған жоба туралы спортшылар 2019 жылдың желтоқсан айында айтқан болатын. Ол кезде Головкин мен Роналду естелік сыйлықтармен алмасты. Алайда жобаның детальдары бір жылдан кейін, яғни енді ғана белгілі болды.

 

 

Хабар 24 телеарнасы