423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккейден Қазақстан чемпионатында «Сарыарқа» үздік үштікке енді

  • 123
  • UPD: 09:36, 16.12.2020
Хоккейден Қазақстан чемпионатында «Сарыарқа» үздік үштікке енді

Екінші ойында қарағандылықтар Өскеменнің «Торпедосын» айқын басымдықпен ұтты.

Ойынның бірінші және екінші кезеңі сүреңсіз өтті. Тек 54-минутта Дмитрий Михайлов мергендік танытып, алаң иелері алға шықты. Есеп: 1 де 0. «Сары-қаралардың» қақпашысы Никита Бояркин 31 соққыны қайтарды. Қазір команда қоржынында 45 ұпай бар. «Торпедоны»  жеңу арқылы «Сарыарқа»  рейтингте үшінші орынға көтерілді. Ал өскемендіктер 52 ұпаймен екінші сатыға тұрақтады. Турнирде әзірге  елордалық «Номад» көш бастап тұр.

Чемпиондар Лигасы аясында «Биік-Қазығұрт» қарымта кездесу алдындағы дайындығын пысықтады. Бүгін шымкенттік клуб өз алаңында Украинаның «Жилстрой-2» командасымен кездеседі.

Еске сала кетейік, бірінші ойын 2 де 1 есебімен қарсыластың пайдасына шешілген болатын. Жаттықтырушылардың айтуынша, қазақстандық аяқдопшы қыздар есе қайтаруға тас-түйін дайын.

Испанияның Премьер-лигасында «Реал Мадрид» тағы да үздіктер қатарында. Команда 19-турда «Атлетикпен» кездесіп,  үш те бір есебімен  жеңді. Алаң иелері бірінші таймның соңына таман есеп ашты. Алайда 7 минуттан соң қонақтар таразы басын теңестірді. Дегенмен Карим Бензема соққан доп нысанаға дәл тиіп, «Реал Мадрид» жеңімпаз атанды.

Хабар 24 телеарнасы