421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Өнер барысы» жеңімпазы анықталды

  • 303
  • UPD: 21:19, 16.12.2020

Қазақ күресінен «Өнер барысы» республикалық турнирінде «Чемпиондар» командасы жеңіске жетті.

Құрамындағы Ақболат Өтебай, Еркебұлан Дайыров, Арман Қоңыр, Олжас Әлжанов және Асылхан Дүкенбай секілді білекті жігіттері бар команда қарсыластарынан басым түсті. Өнер мен шоу-бизнес саласының өкілдері сынға түскен жарыстың жүлде қоры 4 млн теңгені құрады. Бозкілемдегі белдесу бәсекесінде кәсіби төрешілер қазылық жасады. Жұлдыздар турнирі биыл екінші мәрте ұйымдастырылды. 2019 жылы өнер барысын интернетте 10 миллионға жуық көрермен тамашалаған еді. «Хабар» арнасындағы тікелей эфир бағдарламалар арасындағы рейтингте бірінші сатыдан түспеген.

Хабар 24 телеарнасы