423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

France Football футбол тарихындағы үздік шабуылшыларды атады

  • 144
France Football футбол тарихындағы үздік шабуылшыларды атады Sportbox

Францияның France Football журналы футбол тарихындағы ең үздік шабуылшыларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду сол қапталдағы үздік шабуылшы атанса, «Барселона» ойыншысы Лионель Месси оң қапталдағы ең мықты форвард болып танылды.

Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Роналду ең үздік орталық шабуылшы болып таңдалды.

Басылым 3-4-3 ойын жүйесін ұсынды.

Жеңімпаздарды әлемдік БАҚ-тың 140 журналисі анықтады.

Хабар 24 телеарнасы