420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында садақ ату спорты жанданды

  • 102
  • UPD: 19:47, 17.12.2020

Ақсу қаласында садақ пен пневматикалық винтовкадан оқ ату үйірмесінің жабылғанына биыл 30 болыпты. Спортшылар жаттыққан ғимарат жарамсыз болып қалған. Ұзақ жылдар бойы қаңырап бос тұрған нысан қалпына биыл келтірілді. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жергілікті билік жаңартылған атыс тирінің тұсауын кесті. Шағын қалада олимпиадалық спорт түрі қайта жанданды.

Көптен күткен оқиға бұл. Атыс тирі жұмысын  қайта бастады. Ақсу қаласының тұрғындары отыз жылдан кейін тирдің  жұмысының қайта жанданатына тіпті  сенбеген де.

Ақсудағы жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына садақ атудан еліміздің чемпиондары арнайы келді. Күрделі кезеңде спортшыларға жасалып жатқан  жағдайды көрген олар, таңданыстарын жасырмады.

- Всего достаточно, всего хватает. Но главное сохранить, открыть то можно, главное, чтобы потом специалисты не разбежались.

Садақ ату жергілікті жасөспірімдер үшін спорттың жаңа түрі болмақ. Қызығушылық білдіргендер өте көп. Үйірмеге қазірдің өзінде елуден астам ұл мен қыз жазылып үлгіріпті.

Татьяна Пак, cадақ атудан аға жаттықтырушы:

- Өте жақсы тир болды. Жылы, жарық, жайлы. Енді тек жақсы жетістіктерге жететіндей жұмыс істеуіміз керек.  Садақ атумен айналысуға оқушыларды баулып   келешекте жарыстарға барып тұрсақ өте жақсы болар еді. Жергілікті билік түсіністікпен қарады. Мұндай тирді ашумен шектелмей жақсы мамандарды тартқанымыз абзал. Материалдық тұрғыдан қолдау көрсетіп, жағдайларын жасап берсек.

Спорт жабдықтары арзан емес. Жаттығу садағы 500 мың теңге тұрады. Соған қарамастан жергілікті билік спорттың осы  түрін дамытуға бел буып отыр. Тұрақты жұмысқа кәсіби жаттықтырушылар шақырылған. 

Балғабай Ибраев, Ақсу қаласының әкімі:

- Көп жылдан бері тұрған ғимарат 28 жылдай. Биыл міне күрделі жұмыс жүргізіліп іске қосылып отыр, өте қуаныштымыз. Болашақта біздің елдің азаматтары осы спорт түрінен әлі талай талай дүние жұзіне еліміздің атын шығарады деп ойлаймыз.

Садақ атумен қатар Ақсуда ережесіз жекпе-жекті дамытуға шешім қабылданды. Спорт кешенінің бір бөлігі арнайы жабдықталған. Болашағынан үміт күттіретін спортшылар өте көп.

Авторлар: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов

Хабар 24 телеарнасы