421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Айдос Ербосынұлы WBA International, WBO Global белдіктерін сәтті қорғады

  • 136
  • UPD: 23:36, 17.12.2020
Айдос Ербосынұлы WBA International, WBO Global белдіктерін сәтті қорғады

Айдос Ербосынұлы WBA International, WBO Global белдіктерін сәтті қорғады.

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 9КО) Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Көшпенділер шайқасы» кешінде WBA International, WBO Global және WBC тұжырымдары бойынша орта салмақта Азия чемпионы атағын қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Айдостың қарсыласы бұрын-соңды жеңіліп көрмеген 31 жастағы ганалық Исса Самир (19-1, 16 КО) еді. Жекпе-жек екінші минутта аяқталды. Ербосынұлы техникалық жеңіске жетті. Айқас нәтижесінде Айдос тек атақтарын қорғап ғана қоймай, «Шыңғыс ханның алтын белбеуіне» ие болды.

Хабар 24 телеарнасы