419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық киберспортшыларға грант бөлінеді

  • 242
  • UPD: 09:37, 18.12.2020

Келер жылы «QCF E-Sports Academy» базасында киберспорттық менеджерлерді оқыту курстары ашылады.

Бұл туралы қазақстандық киберспорт федерациясының өкілі мәлімдеді. Елімізде 100 мыңнан астам кәсіби киберспортшы бар. Қазір оларға 3 грант түрі қарастырылған. Сонымен қатар 2025 жылға дейін Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы киберспорт аренасын салу жоспарланып отыр.

Кәсіби киберспортшы - турнирлер мен жарыстарда электрондық спорт ойындарын ойнайтын адам. Елімізде 2 млн-ға жуық осындай спортшы бар. Келесі жылы Алматыда алғашқы кибер арена ашу жоспарлануда. Онда арнайы сахна мен стрим, оқу академиясы және жаттығу залы болады. Қазақстандық киберспорт федерациясының өкілі еліміздегі бұл спорт түрін ТМД елдерінің деңгейіне жеткізуіміз қажет дейді. Осы орайда оқушыларға арнайы гранттар да қарастырылған.

Бауыржан Садиев, қазақстандық киберспорт федерациясының даму жөніндегі директор:

– Киберспортшыларға 3 грант түрі бар. Университеттік грант жоғарғы білім алу үшін. Ең бірінші осы жолда серіктес болған Алматыдағы Еуразиялық техникалық университет. Олар біздің турнирдегі чемпиондарға бірнеше грант бөлді. Ол идея дами бастады. Екінші Кибер академия. Ол тренировка, дисциплина, контент жасау сабақтары, стрим жасау, дизайн видео монтаж жасау туралы. Үшінші грант –Халықаралық федерация гранты. Елдегі мамандықты дамыту.

Қазақстанда атыс-шабыс, стратегиялық ойындар кең танымал. Ал пандемия кезінде мобильдік ойындарға сұраныс артты. Мәселен, қазақстандық команда 14 желтоқсанда киберспорт бойынша жарыста алғашқы бестікке кірді. Енді 18-20 желтоқсанда жеңімпаз анықталады. Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры 2 миллион долларды құрайды.

Дамир Омаров, киберспортшы:

– Бастапқыда хобби болатын. Қазір кәсіби киберспортшымын. Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан турнирде жетістікке жету – басты мақсат. 14 желтоқсанда біз Super Weekend ойынын аяқтадық. Барлық матчтардың қорытындысы бойынша 152 ұпай жинап, 1 орынға ие болдық.

Әрине киберспорттың да өзіндік қиындығы бар. Спортшылар күніне 4-5 сағат жаттығады.

Ал жарыс өтетін күндері 10-16 сағатқа дейін компьютер алдында тапжылмай отыруы тиіс. Бұл жерде жылдамдық маңызды. Алайда елдегі интернет көңіл көншітпейді дейді спортшылар.

Асқар Алшынбек, киберспортшы:

– Басында шабуылда, қазір қорғаныста. Қарсыластарымыздың ойындарын талқылаймыз. Қазақстан Еуропадан біраз шақырым алыс. Бізде пинк дейді. Өте жоғары болып тұрады. Мысалы, шетелдіктерде 5-10-ға дейін, Мәскеуде 20-30, мен 70-те, балалар 80-90 да ойнайды.

Алдағы жылдары Қазақстанның киберспортшыларының, судьялары мен жаттықтырушыларының электрондық базасы құрылып, әуесқойларға арналған турнирлер көбейеді. Оның ішінде мектеп лигасын, тіпті мемлекеттік қызметкерлер лигасын құру жоспарланып отыр.

Авторлары: Наргиз Бекмағанбетова  Жандос Битабаров, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы