Орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні, сондай-ақ ықтимал қарсыласының есімі белгілі болды.
The Athletic хабарлауынша, 2021 жылдың көктемінде Головкин мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) кездеседі.
Мунгиядан бөлек GGG Мексиканың тағы бір өкілі Сауль «Канело» Альвареспен (53-1-2, 36 КО) үшінші жекпе-жек өткізуі де мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин АҚШ-та міндетті қарсыласы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, өзінің атағын сәтті қорғады. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласын төрт рет нокдаунға жіберді.
Головкин атағын 21-рет сәтті қорғап, аты аңызға айналған американдық Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты.