Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) 2021 жылдың маусымашар турнирі қайда өтетінін жариялады, деп хабарлады Olympic.kz.
Жылдың алғашқы бәсекесі 5-13 қаңтар аралығында Абу-Дабиде өтеді. Австралия ашық чемпионатының іріктеу кезеңі 10-13 қаңтарда Дубайда ұйымдастырылмақ. Ал 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Мельбурнде WTA-ның екі турнирі өтеді.
Айта кетелік, бұған дейін Australian Open турнирінң 8-21 ақпан аралығында өтетінін белгілі болған. Турнирдің екінші аптасында WTA санатындағы тағы бір жарыс басталады.