429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қашып жүрген жоқпын». «Канело» Головкинмен жекпе-жекке келісті

  • 223
  • UPD: 15:16, 20.12.2020
«Қашып жүрген жоқпын». «Канело» Головкинмен жекпе-жекке келісті Спорт-Экспресс

Мексикалық Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) британиялық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңгеннен кейін қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) үшінші рет жұдырықтасу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

– Кеше Геннадий Головкин жеңіске жетті. Алда үшінші жекпе-жектерің өтуі мүмкін бе?

– Ешкімнен қашып жүрген жоқпын. Ең мықтылармен жұдырықтасамын. Үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігі болса, қабыл аламын. Бірақ мықтылармен жұдырықтасып жатқанымды көрсеттім.

Айта кетейік, бүгін, 20 желтоқсан Альварес төрешілер шешімімен британиялқ Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңіп, екінші орта салмақта WBC, WBA (Super) және The Ring титулдарын иеленді.

Хабар 24 телеарнасы