420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дидар Хамза жаңа салмақта Қазақстан чемпионы атанды

  • 125
  • UPD: 23:20, 20.12.2020
Дидар Хамза жаңа салмақта Қазақстан чемпионы атанды

Дзюдодан Ақтаудағы Қазақстан чемпионатының кезекті жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ерлер арасында 90 келіге дейінгі салмақта Түркістан облысының өкілі Дидар Хамза топ жарды. Бұрын 81 келіде бақ сынаған Дидар жаңа салмақта жеңіске жетіп отыр. 

Екінші орынды шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров иеленсе, үшінші орынды Аслан Сағитбек (Қостанай облысы) пен Әділет Мисин (Ақтөбе облысы) еншілеген. 

Айта кетелік, бүгін жалпы есебі төрт салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Хабар 24 телеарнасы