421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккей: «Барыс» сырт алаңда «Торпедомен» кездеседі

  • 117
Хоккей: «Барыс» сырт алаңда «Торпедомен» кездеседі Sports.kz

Бүгін елордалық «Барыс» сырт алаңда Нижний Новгородтың «Торпедосымен» кездеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Командалар бұған дейін «Барыс-Аренада» ойын өткізген еді. Ол кезде қонақтар дес бермеді. Ал бүгінгі ойында жеңіске жеткені, Құрлықтық хоккей лигасында плей-офф кезеңіне өту мүмкіндігіне ие болады. Қазір қазақстандық клуб 37 ұпаймен Шығыс конференциясында 8-орынға жайғасты.

Ресейдің Нижний Новгород қаласында өтіп жатқан аралас жекпе-жек турнирінде қазақстандық файтер Әли Қабдолла жеңіске жетті. Оның бұл жолғы қарсыласы, ресейлік Имран Жулагов болды. Қазақ спортшысы тұншықтыру әдісін сәтті қолданып, басым түсті. Үш раундқа есептелген айқас осылайша уақытынан бұрын аяқталды.

Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған жекпе-жек кешінде тағы екі жерлесіміз өнер көрсетті. Аслан Ораз ресейлік Михаил Кузнецовті бірінші раундта есеңгіретіп, жеңімпаз атанды. Ал Заур Албаков Гаджимурад Магомедовке екінші минутта есе жіберді.

АПЛ: С.Мактоминей рекорд жасады

«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушысы Скотт Мактоооминей АПЛ-да рекорд жасады. Ол матчтың үшінші минутында гол соққан тұңғыш спортшы атанып отыр.

Аяқдопшы «Манчестер Юнайтед» пен «Лидс Юнайтед» матчында көзге түсті. «Қызыл диюлар» қарсыласын алты да екі есебімен ұтты. Айта кетейік, клуб 2011 жылдан бері өз алаңында алғаш рет 5-тен көп гол соғып тұр. Қазір манкуниандықтар 26 ұпаймен үшінші орында келеді. Уле-Гунн(а)р Сульшердің шәкірттері енді сырт алаңда «Лестермен» кездеседі.

А сериясындағы ең жылдам гол

Жаңа рекорд Италия чемпионатында да орнады. Рафаэл Леау ойынның 7-секундында есеп ашты. А сериясында мұндай жетістікке жеткен ешкім жоқ. Бұған дейін Ромел Лукаку 20-секундта гол соққан болатын. Тарихи сәттен соң миландық команда сырт алаңда «Сассуолоны» ұтып, көшбасшылық тізгінді қолға алды. Айта кетейік, Стефано Пиоли шәкірттері биылғы маусымда әзірге бір де бір рет жеңілмеді.

Хабар 24 телеарнасы