420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ақтөбеге» жаңа бас бапкер тағайындалды

  • 156
  • UPD: 10:36, 21.12.2020
«Ақтөбеге» жаңа бас бапкер тағайындалды prosports.kz

«Ақтөбе» хоккей клубының жаңа бас бапкері болып Михаил Шанцевой тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ол таяуда клубтағы қызметінен кеткен Алексей Коршковтың көмекшісі болған. Александр Поляков пен Леонид Панков бапкерлік штабтағы жұмысын жалғастырады.

Қазіргі уақытта «Ақтөбе» Қазақстан чемпионатының 24 матчында 22 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында келеді.

Хабар 24 телеарнасы