418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық хоккей лигасының жаңа маусымы 13 қаңтарда басталады

  • 106
  • UPD: 12:19, 21.12.2020
Ұлттық хоккей лигасының жаңа маусымы 13 қаңтарда басталады

Бұл туралы осы ұйымның өкілдері мәлімдеді.

Қысқартылған тұрақты чемпионатта әр команда әдеттегі 82 ойынның орнына 56 кездесу өткізеді. АҚШ пен Канаданың арасындағы шекара қазір індет кесірінен жабық тұр. Осыған байланысты сайыстар өзгеріске ұшыраған дивизиондардың өз ішінде болады. Бір дивизион тұтас Канадаға арналады. Тұрақты чемпионат 8 мамырда аяқталуы тиіс. Одан кейін дәстүрлі форматта өтетін Стэнли Кубогінің плей-офф кездесулері басталады.

Хабар 24 телеарнасы