421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі орындарын сақтап қалды

  • 118
  • UPD: 12:21, 21.12.2020
Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингіндегі орындарын сақтап қалды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) спортшылар арасындағы жекелей және жұптық сынның рейтингін жариялады, деп хабарлады Prosports.kz.

Бірінші орында австралиялық Эшли Барти келеді, екінші орында румыниялық Симона Халеп тұр. Үздік үштікті жапониялық Наоми Осака түйіндейді.

Қазақстандық Елена Рыбакина 19-орында қалды және елдің бірінші «ракеткасы» атағын сақтап қалды. Юлия Путинцева 28-ші, Зарина Дияс 80-орында.

Жұптық сындағы кестеде қазақстандық теннисшілер де өз позицияларын өзгерткен жоқ: Галина Воскобоева 71-ші, Анна Данилина 138-ші, Путинцева 187-орында тұр.

Хабар 24 телеарнасы