420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канелоның» бапкері боксшының келесі қарсыласын атады

  • 125
  • UPD: 15:14, 21.12.2020
«Канелоның» бапкері боксшының келесі қарсыласын атады

Британиялық Каллум Смитті жеңіп, екінші орта салмақта WBC және WBA титулдарын иеленген мексикалық Сауль «Канело» Альварес келесі жекпе-жегін үш айдан кейін Мексикада өткізбек.

Боксшының келесі қарсыласы кім болатынын оның бапкері айтты, деп хабарлады vesti.kz. 

«Келесі жекпе-жекті үш айдан кейін Мексикада өткізуді жоспарлап отырмыз. Екінші орта салмақта Билли Джо Сондерс немесе Калеб Плантқа қарсы белбеу біріктіретін кездесу өткізгіміз келеді. Оның өткен айқасына өте ризамын, қалай шабуылдағанына, өзінікін жүргізе алғанына. Бәрінен бұрын жеңіске қуаныштымын. «Канело» салмақ дәрежесіне қарамастан ең мықты боксшы екеніне күмән жоқ. Ол карьреасын аяқтағанда, бокс тарихындағы ең мықтылардың бірі болып қалары сөзсіз», - дейдң мексикалықтың менеджері әрі бапкері Эдди Рейносо. 

Хабар 24 телеарнасы