Елордалық «Барыс» сырт айдында Нижний Новгородтың «Торпедосын» жеңді. Осылайша Құрлықтық Хоккей Лигасында қазақстандық клубтың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі молайды. Есепті бірінші кезеңде Мэтт Фрэттин ашты. Ізінше команда көшбасшысы Даррен Диц ұпайды үстемеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Айдын иелері тарапынан 19-минутта Антон Шенфельд есеп айырмасын қысқартты.
Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Якоб Лилья шайба соқты. Кездесу 3:2 есебімен қазақстандық хоккейшілердің жеңісімен аяқталды. Қазір «Барыс» 39 ұпай жинап, шығыс конференциясында сегізінші орынға жайғасты. Енді Юрий Михайлистің шәкірттері сырт айдында Ресейдің «Авангард» командасына қарсы ойнайды.