«Астана» командасының шабандозы Харольд Техада The Challenge of Stars виртуал жарысында бақ сынайды, деп хабарлады Prosports.kz.
23 желтоқсанда өтетін жарысқа 8 шабандоз қатысады. Олар жұпқа бөлініп жарысады. Жарысқа қатысушылардың толық тізімі мынадай: Паскаль Акерманн (BORA-hansgrohe), Сэм Беннетт (Deceuninck-Quick Step), Арно Дэмар (Groupama-FDJ), Калэб Юен (Lotto Soudal), Мадс Педерсен (Trek - Segafredo), Бен Свифт (INEOS Grenadiers), Саша Модоло және Тим Мерлир (екеуі де Alpecin-Fenix).
Шабандоздар жұпқа бөлініп, 1/4 финалда бір-біріне қарсылас атанды.
Калеб Юэн – Мадс Педерсен;
Арно Демар – Саша Модоло;
Паскаль Аккерман – Бен Свифт;
Сэм Беннетт – Тим Мерлье.