Сарапшы Головкиннің жаңа бапкермен қаншалықты ілгерілегеніне баға берді
- 132
- UPD: 12:25, 22.12.2020

The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер қазақстандық Геннадий Головкиннің бойынан (41-1-1, 36 КО) Джонатан Бэнкспен жаттыға бастағаннан кейін жақсы жақа өзгерістер барын байқаған.
«Менің ойымша, Головкиннің Шереметамен жекпе-жектегі техникасы бұрынғыға қарағанда (Стив Роллс және Сергей Деревянченкомен кездесулермен салыстырғанда) өткірлеу болды. Ал қорғанысы мен соққы жасауы – кейінгі жылдардағы ең айқынырағы. Үшінші лагерь бапкер мен боксшы үшін бір-біріне үйренісіп, өнімді жұмыс жағынан сәтті өткен сияқты», – дейді Фишер өз айдарында.