Садриддин Ахмедов Мексикада WBA титулы үшін жекпе-жекке шығады
- 274
- UPD: 14:35, 22.12.2020

Бірінші орта салмақта WBC титулына ие қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (11-0, 10 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты белігілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
BoxRec.com мәліметінше, 22 жастағы Ахмедов 30 қаңтар Мексиканың Куэрнавака қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады. Қарсыласы – 31 жастағы нидерландтық Стивен Даньо (17-3-3, 6 КО). Он раундқа есептелген бұл кездесуде бірінші орта салмақтағы WBA Continental белеуі сарапқа салынады.
Бұған дейін Ахмедов рингке былтыр желтоқсанда Монреальдағы бокс кешінде шығып, жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (13-6-2, 8 КО) нокаутқа түсірген.
Айта кетейік, Ахмедов Мексикада алғаш рет жұдырықтаспақ. Кәсіпқойға 2018 жылы өткен «Қазақ сарбазы» 11 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Он кездесуі Канадада, ал біреу Қазақстанда өткен.