426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баскетболдан 2021 жылғы Азия кубогін қабылдайтын ел анықталды

  • 167
  • UPD: 15:45, 22.12.2020
Баскетболдан 2021 жылғы Азия кубогін қабылдайтын ел анықталды

Халықаралық баскетбол федерациясының аймақтық кеңсесі 2021 жылы баскетболдан Азия кубогін қабылдайтын мемлекетті анықтады, деп жазды Olympic.kz. 

Аталған турнир Индонезияда 16-28 тамыз аралығында өтеді. Финалдық кезеңде Азия мен Океанияның үздік 16 командасы бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, 21 және 24 ақпан күндері баскетболдан Қазақстан ұлттық командасы 2021 жылғы Азия кубогіне іріктеу матчтарын өткізді. Өз жерімізде өткен алғашқы кездесуде біздің команда Палестинаны 79:76 есебімен ұтқан. Ал Иорданияға қарсы өткен екінші матч 68:71 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.

Хабар 24 телеарнасы