Boxingscene журналисі Лайл Фицсиммонс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) поляк Камил Шереметамен жекпе-жегі үшін қанша қаржы алғанын жариялады, деп хабарлады Prosports.kz.
Фицсиммонстың айтуынша, Головкин 7 миллион доллар тапқан.
Ал бір күннен кейін Каллум Смитті жеңген Сауль «Канело» Альварес 20 миллион доллар гонорар алды.
Еске салайық, 19 желтоқсан күні Головкин Шереметаны жеңді. Жекпе-жек барысында GGG қарсыласын төрт мәрте нокдаунға жіберді. Жетінші раундтан кейін Камилдың командасы шайқасты жалғастырудан бас тартты.