421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі мен Азия біріншілігі Алматыда өтеді

  • 129
  • UPD: 12:01, 23.12.2020
Күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі мен Азия біріншілігі Алматыда өтеді olympic.kz

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2021 жылдың жарыс күнтізбесін жариялап, ресми халықаралық турнирлер наурыз айында басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Жақында ғана күрес түрлерінен әлем кубогі аяқталды. Біз аталған бәсекенің сәтті өткізілгенін қуанышпен хабарлаймыз. Аталған жарыс кезінде санитарлық процедуралармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Бұл тәжірибе алдағы жылы Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлерін ұйымдастыру кезінде үлкен көмек болмақ. Осы орайда бюро, Техникалық комиссияның ұсыныстары бойынша, 2021 жылға арналған жаңа күнтізбені түзді», – делінген UWW президенті Ненад Лаловичтің ресми хабарламасында.

Ұйымдастырушылар жылдың алғашқы турнирі – Маттео Пеликконе сериясына қатысушылар саны әлдеқайда аз екенін байқап, жарысты наурыз айына ауыстырды. Бұл спортшылардың турнирге толыққанды дайындалуына мүмкіндік береді.

«Аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирлері мен құрлық чемпионаттарына келер болсақ, спортшылардың коронавирус жұқтырып алу қаупін төмендетіп, кейбір ұлттық федерациялар үшін екі шығын жасамау үшін жарысты бір жерде өткізуді жөн көрдік. Сол себепті Африка және Океания аймағындағы іріктеу турнирі Эль-Джадидтегі Африка чемпионатымен бірлесіп өткізіледі. Сондай-ақ Азия аймақтық іріктеу турнирі мен сары құрлық чемпионаты Алматы қаласында ұйымдастырылады», – делінген UWW хабарламасында.

Еуропада қатысушылар саны көп болғандықтан, әрі, мемлекеттер арасына қатынау аса қиындық тудырмайтын болғасын екі турнирді Польша мен Венгрияда өткізу туралы бастапқы шешім өз күшінде қалды. Осылайша, күрес түрлерінен Азия аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі 2021 жылдың 09-11 сәуірі аралығында , ал Азия біріншілігі 12-17 сәуір аралығында Алматыда өтеді. Бұған дейін Азия чемпионаты ақпан айында өтеді деп хабарланған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы