420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АПЛ: «Арсенал» – «Манчестер сити» – 1:4

  • 124
  • UPD: 12:05, 23.12.2020
АПЛ: «Арсенал» – «Манчестер сити» – 1:4

Лондон төріндегі «Эмирейтс» стадионында Ағылшын премьер-лигасының кезекті ойындары мәресіне жетті.

Онда «Арсенал» «Манчестер Ситиден» 1:4 есебімен ұтылды. Матчтың үшінші минутында Габриэл Жезус мергендік танытты. Ал 31-минутта «Арсеналдың» шабуылшысы Александр Ляказетта кеткен есені қайтарды. Үзілістен кейін Рияд Марез екінші голды соқты. Артынша Фил Фоден мен  Эмерик Лапорт ұпайды үстемеледі. Осылайша, «Манчестер Сити» жартылай финалға жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін «Брентфорд» командасы да ақтық сындарда  өнер көрсету мүмкіндігіне ие болған еді.

***

Садриддин Ахмедовтің қаңтарда Стивен Даньомен кездеседі

Қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегін қаңтарда өткізеді. Оның ендігі қарсыласы, Нидерланд спортшысы Стивен Даньо. Екі боксшы бірінші орта салмақтағы WBA Continental титулын сарапқа салады.

***

«Атлетико» жеңіске жетті

Сан-Себастьян қаласында Испания Премьер-Лигасының 15-туры өтті. Бұл жолы «Реал Сосьедад» «Атлетикомен» кездесті. Матч 2:0 есебімен қонақтардың жеңісімен аяқталды. Есепті алғаш болып Марио Эрмосо ашты. Ал ойынның 74-минутында Маркос Льорентенің соққан голы жеңісті нықтай түсті.

Қазір «Атлетико» қоржынында 32 ұпай бар. Турнир кестесінде мадридтықтар көш бастап келеді. Ал  «Реал Сосьедад» 26 ұпаймен үшінші сатыға сырғыды.

***

Хоккей: «Сарыарқа» үздік үштікте

Хоккейден Қазақстан чемпионатында «Сарыарқа» командасы сырт алаңда елордалық «Номадты» тізе бүктірді. «Сарықарқа» командасы осы жолы үш шайба салды. Қақпашы Никита Бояркин қарсыластың 20 соққысын тойтарып тастады. Осылайша қарағандылықтар 53 ұпай жинап, үздік үштіктің қатарынан көрінді. Бір ұпай айырмашылығымен «Көшпенділер» екінші орынға тұрақтады. Ал жарыс көшбашысы – Өскеменнің «Торпедо» командасы.

Хабар 24 телеарнасы